Қазақстанда 31 мыңнан астам оқушы жұмысшы мамандықтарына бағытталған бейінді сыныптарда білім алады

1067
Фотосурет: Gov

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Қазақстандағы орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып ашылуда, бұл сыныптарда 31 мыңнан астам оқушы білім алып, кәсіби дағдыларды игереді деп жоспарланған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мұндағы мақсат – 9-11сынып оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру.

2025–2026 оқу жылында қазақстандық мектептерде техникалық және инженерлік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы және экология, көлік және логистика, қызмет көрсету, шығармашылық, мәдениет, медицина, әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары бойынша бейіндік сыныптар жұмыс істей бастады.

Бұл сыныптардың мазмұны өңірлердің экономикалық ерекшеліктері мен кадр тапшылығы бар салаларға сәйкес қалыптастырылған. Жобаға жергілікті жоғары оқу орындары, колледждер мен жұмыс берушілер де белсенді қатысуда

Айта кетейік, бейіндік сыныптардың бағытын оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге мүмкіндік бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -