Каспий жағалауында 200-ден аса матрос Отанға адал болуға ант берді

1298
Фотосурет: Gov

Ақтауда Әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған рәсім алғаш рет 15-ші шағын аудандағы Амфитеатр алаңында ашық аспан астында өтті.

Іс-шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп, Әскери-теңіз базасының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан шақырылған әскери қызметшілердің туған-туыстары қатысты.

Ар-намыс пен ерлік туының астында 200-дің үстінде жауынгер Отанға адал болуға ант берді.

Сендер ант берген соң Отанға қызмет етуге кірісесіңдер. Әрқайсың айбынды ту мен ел алдындағы антқа адал болыңдар. Абыроймен қызмет етіп, аман-есен отбасыларыңа оралуларыңа тілектеспін, – деді әскери-теңіз базасының командирі 1-дәрежелі капитан Есенғали Байботаев.

Ант қабылдау рәсімі аяқталған соң көрермендерге әскери теңізшілер қоян-қолтық ұрыс техникасын, саптық дайындық элементтерін және көздерін байлап автомат құрастыру шеберлігін көрсетті.

Салтанатты маршпен қаланың жағалау бойымен жүріп өткен сарбаз ұлдарына ата-аналары сүйсіне қарап тұрды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -