Отан қорғау ісіне адал ғұмыр

1012
Фотосурет: ҚР ҰҰ

3514 әскери бөлімінің ардагері Ольга Николаевна Ольховик туралы

Өмірін әскери қызметке арнаған, Отан алдындағы борышын адал атқарған, бүгінде ардагерлер  ұйымының белсенді жетекшісі – Ольга Николаевна Ольховиктің  өмір жолы  жас ұрпаққа үлгі, патриотизммен жауапкершіліктің  айқын көрінісі.

Ольховик Ольга Николаевна 1960 жылы 6 маусымда Семей-21 қаласында  (бұрынғы  Семей сынақ полигоны, қазіргі Курчатов  қаласы) дүниеге келген. Оның ата –анасы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне  өз өмірін арнаған жандар еді.  Әкесі - Николай Григорьевич,  1951 жылы  полигонға  мерзімді  әскери қызметке шақырылып,  кейін келісімшарт негізінде  1979 жылға дейін  Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.  Анасы- Александра Васильевна  1954 жылдан бастап әскери бөлімдерде  қызмет етіп, 1984 жылы  зейнетке шыққан.

Ольга Николаевнаның  балалық шағы мен  мектеп өмірі  құпиялығы жоғары  Семей-21  қаласында өтті. Бұл  қалада  әскери тәртіп,  реттілік пен тәрбие  ерекше болатын. Осындай ортада өскен  жас қыздың бойына отансүйгіштікпен жауапкершілік қасиеттері ерте сіңді. Жеңіс күні өткізілетін салтанатты шерулер мен әскери парадтар оның  өмірлік бағыт-бағдарын айқындап берді.

1977 жылы  № 1 орта  мектепті  тәмамдаған соң Семей  қаласындағы тамақ  өнеркәсібі политехникумына түсіп, «Тамақ дайындау технологиясы»  мамандығын алды. Оқуды  аяқтағаннан кейін  ядролық сынақтар  жүргізілетін «Дегелең»  алаңындағы «200 Военторг»  мекемесіне  бригадир-аспаз  болып жұмысқа қабылданды. Бұл ел тарихындағы ереше стратегиялық  объектілердің  бірі болатын. Осылайша  еңбек  жол басталып,  13 жыл бойы  аспаз-бригадир  және  техник  технолог  қызметтерін аброймен атқарды.

1994  жылдың мамырынан бастап  2006 жылдың желтоқсанына дейін Ольга Николаевна  3514  әскери бөлімінде  келісімшарт  бойынша  әскери қызмет атқарды. Ол рұқсатнама  бюросының бастығы, құпия бөлімінің  жауапты атқарушысы  және бастығы  лауазымдарын  абыроймен атқарды. Қиындыққа толы 90- жылдары  да ұжым  арасында  өзара қорлдау мен  бірлік  дәстүрі берік сақталып, бөлім рухы биік болды. Әсіресе  алғашқы командир -  генерал-майор Ғабдулхақ Ысқақұлы Чокушевтің  қамқорлығы мен  басшылығы ерекше  есте қалды - дейді ол өз сөзінде.

Әскери қызмет жылдары  бойынша сіңірген тәртіп,  жауапкершілік пен  табандылық  қасиеттері  оны нағыз  кәсіби маман етті.  Ольга Николаевна  мемлекеттік құпияларды  қорғау саласын  меңгеріп,  жоғарғы  біліктілік көрсеткен қызметкерлердің  қатарында болды.

2007 жылдан бастап ол Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтында мемлекеттік  құпияларды қорғау  жөніндегі маман ретінде еңбек етті. 2020 жылы  «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС-де  мемлекеттік  құпияларды қорғау  бөліміне мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі маман ретінде қабылданып,  оны табысты басқарды. 2023 жылы  бөлімнің жабылуына байланысты  Курчатов қаласына  оралып, еңбек демалысына шықты.

Бүгінде Ольга Николаевна  -  өмірін ел  қорғанысына  арнаған абыройлы ардагер, сүйікті  ана және  қамқор әже.

2024 жылдың желтоқсанында ардагерлер жиналысының  шешімімен ол 3514 әскери бөлімінің  Ардагерлер кеңесінің  төрайымы болып сайланды. Қазір ол  осы бағыттағы  қоғамдық жұмысты үлкен  жауапкершілікпен атқарып, ардагерлер арасындағы  бірлікті  нығайтуға, жастарды патриоттық  рухта  тәрбиелеуге өз үлесін қосуда.

Ольга Николаевна Ольховиктің  өмір жолы -  әскери борышқа  адалдықтың, табандылық пен  отансүйгіштіктің  айқын көрінісі. Осындай  жандардың еңбегі мен ерлігі  жас ұрпаққа үлгі.

Подполковник Руслан Бейсенов, 3514  әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -