Боран мен күшті жел: Қазақстанның жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды

891
Фотосурет: wirestock/freepik.com

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 12 қарашада Қазақстанның солтүстігі мен шығысында боран соғады, деп хабарлайды DKNews.kz.

  • Астана: көктайғақ, желдің екпіні 20 м/с дейін.
  • Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Абай , Шығыс Қазақстан облыстары:
    жаңбыр мен қар, көктайғақ, боран, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с дейін.
  • Жамбыл, Түркістан, Алматы, Жетісу, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстары:
    тұман, кей жерлерде желдің екпіні күшейеді.

Дауылды ескертулер күтілуде:

Астана қ:  көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде   жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түнде Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында  жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстын, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Түнде Абай облысының солтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен,  оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында 15-20 м/с.

Алматы облысында оңтүстік-батыстан  жел күтіледі,  облыстың  солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.  

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 17-22 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -