2025 жылғы самбодан әлем чемпионаты: Қазақстан командалық есепте күміс медаль жеңіп алды

1210
Фотосурет: Мадина Ержанның жеке мұрағатынан

Бішкекте ересектер арасындағы спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты өтті. Биылғы байрақты бәсекеде әлемнің 70 елінен 650-ге жуық спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен Қарағанды облысының бес спортшысы ел намысын абыроймен қорғап, бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қарқаралы ауданының Қоянды ауылында туған Мадина Ержан 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

– Ең қиыны алғашқы белдесу болды. Менің қарсыласым Нидерландтан еді. Сол сәт мен үшін шешуші кезең болды. Бірақ өзіме сеніп, соңына дейін күрестім. Кейін Куба мен Беларусь елдерінің спортшыларымен өте тартысты кездесулер өтті. Ал қола медаль үшін Қырғызстаннан келген самбошыны жеңдім, – дейді Мадина Ержан.

Спортшының айтуынша, мұндай халықаралық жарыстар тек тәжірибе ғана емес, өз күшіңе деген сенімді де арттырады.

– Әр турнирдің өз қиындығы мен ерекшелігі бар. Ең бастысы – әр жарыстан сабақ алу. Алда бұдан да үлкен жеңістерге жетемін деп сенемін. Арманым – әлем чемпионатына тағы қатысып, алтын медаль жеңіп алу, – дейді самбошы.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте әлем чемпионатында екінші орынды иеленді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -