Петропавлдағы ЖЭО-2 қыс маусымына дайын

902
Фотосурет: Gov

ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Петропавл қаласындағы ЖЭО-2 жұмысымен танысты. Бақылау барысында ол станцияда жүргізілген жөндеу жұмыстары мен жаңартылған жабдықтарды қарап, жүргізілген кешенді шаралар стансаның үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік бергенін атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кешенді дайындық аясында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл ЖЭО-2-де қазандық және турбиналық жабдықтар күрделі жөндеуден өтті, инфрақұрылым жаңартылып, қосалқы жүйелер модернизацияланды. Сондай-ақ жаңа түтін мұржасы іске қосылып, енді станция үш түтін мұржасымен жұмыс істейді Сонымен қатар автоматты шығарындыларды бақылау жүйелері орнатылды.

Қазіргі уақытта станцияда 12 қазан агрегаты мен 7 турбоагрегат бар, олардың әрқайсысының бірі реконструкциядан өтуде. Ал көмір жеткізу кестеге сай жүргізілуде.

Жалпы облыс бойынша 527 мың тонна көмір дайындалған. Оның ішінде 359 мың тоннасы тұрғындар үлесі. Ал орталық қазандықтар үшін 26 мың тонна көмір әзірленген, оның жеткізілімі жылыту маусымы бойы жалғасады. Аймақтың теміржол тұйықтарында 27 мың тонна көмір қоры бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -