Халықаралық кездесулер сериясы: Тоқаев Орталық Азия мен Еуропадағы ынтымақтастықты күшейтеді

913
Фотосурет: Gov

14 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады. 

14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады. 

Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді. 

16 қарашада Президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады. 

17-19 қараша күндері Астанаға Эстония Президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді. 

Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -