Орталық Азия елдері көлік саласындағы ынтымақтастықты күшейтіп жатыр

1122
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Орталық Азия мемлекеттерінің Көлік министрлерінің үшінші кездесуіне қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Дәстүрлі түрде өтетін бұл іс-шара ОА мемлекеттері басшыларының консультациялық кездесулері аясында ұйымдастырылды.

Қазақстан делегациясы атынан сөйлеген вице-министр тұрақты транзитті қамтамасыз ету және көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларды атап өтті, соның ішінде ТКХБ және «Солтүстік–Оңтүстік» дәліздерін дамыту мәселелері қаралды.

Кездесуге қатысушылар өздерінің ұлттық көлік дәліздерін дамыту үшін күш біріктіру қажеттілігін қолдап, Орталық Азия елдерінің сенімді серіктес ретіндегі ұстанымы маңызды екенін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -