Орал қаласының қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету барысында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің сарбаздары тағы да қырағылық танытты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ағымдағы жылдың 11-қараша күні сағат 17:30 шамасында Г. Жуков және Ә. Молдағұлова көшелерінің қиылысында патрульдік қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілер ата-анасының қарауынсыз жүрген кішкентай баланы байқап қалған.

Жағдайға жедел әрі кәсіби тұрғыда әрекет еткен аға сержант Қуаныш Серіков баланың жеке басын анықтап, тиісті шараларды қолданып, ата-анасына аман-есен табыстады.
Баласымен қайта қауышқан анасы Ұлттық ұлан сарбаздарына шексіз алғысын білдірді.