Түркістанда «Жас сарбаз» әскери-патриоттық ән фестивалінің облыстық кезеңі ұйымдастырылды

583
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен елге деген сүйіспеншілікті арттыру, сонымен бірге Қарулы Күштер қатарындағы жастардың шығармашылық қабілетін дамыту және әскери рухты дәріптеу болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Фестивальге Түркістан облысының 14 аудан мен қаласынан келген талантты жас сарбаздар қатысты.

Қатысушылар көрермендерге патриоттық рухтағы әсерлі әндер мен сахналық өнер көрсетіп, ерекше көңіл-күй сыйлады. Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы сынды батырлардың ерліктерін жырға қосқан әндер шараның рухын айшықтай түсті.

Фестиваль қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды, ал ең үздіктер Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Түркістан облысының «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Аружан Шекербек шара барысында өз ойын білдірді:

«Бүгінгі фестиваль – жас сарбаздардың өнері арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін паш ететін тамаша мүмкіндік. Әлия Молдағұлова секілді батырлардың ерлігі – әр қазақ жастарына мәңгілік өнеге. Осындай іс-шаралар арқылы біз ел қорғауға дайын, рухы биік жастарды тәрбиелейміз», – деді ол.

Фестиваль соңында барлық қатысушылар бірлесе орындаған «Атамекен» әні көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -