Омбудсмендер мен Қазақстан Президентінің Архиві мұра қорын бірлесе қалыптастыруды бастайды

605
Фотосурет: Қазақстан Республикасы Президенті Архиві

14 қараша күні Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі уәкіл және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен өзара ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қою салтанаты өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құжаттарға Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров және әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан қол қойды.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – құжаттық мұраны сақтау және омбудсмен институттарының қызметін жүйелі түрде бейнелейтін архивтік қор қалыптастыру. Алдағы уақытта бұл материалдар зерттеушілердің қолданысына беріліп, уәкілдердің рөлі мен қызметін тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, кездесу аясында қонақтар үшін Архив бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар мекеменің қызметімен танысып, оқу және көрме залдарын, сондай-ақ қалпына келтіру және технологиялық жұмыстар жүргізілетін заманауи зертхананы аралап көрді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -