Медиасауаттылық семинары баспасөз қызметтері мен жоғары оқу орындарының қауымдастығын біріктірді

539
Фотосурет: Gov

Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Халықтың медиасауаттылығын дамыту және медиа саласы мамандарының біліктілігін арттыру» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Халықтың медиасауаттылығын дамыту және медиамамандардың біліктілігін арттырудың 2025 жылға арналған жоспар» аясында ұйымдастырылды.

Семинар спикерлері ретінде «Айғақ» телеарнасы мен газетінің бас редакторы Ұлжан Наушабай, филология ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Тілебердиев, «Beinepro» интернет-журналының бас редакторы Жәнібек Нұрыш және халықаралық журналист, «JSK.KZ» ақпарат агенттігінің директоры әрі бас редакторы Сағындық Жанысбаев сөз сөйледі.

Семинарға өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, баспасөз қызметтері, жоғары оқу орындарының мамандары, студенттер және сала мамандарын қоса алғанда 100-ден астам қатысушы қатысты.

Бағдарлама барысында қазіргі медиакеңістіктің негізгі үрдістері, журналистердің кәсіби құзыреттерін арттыру мәселелері және жауапты медиатұтыну мәдениетін қалыптастыру бағыттары талқыланды.

Семинар кәсіби диалогқа, тәжірибе алмасуға және медиа саласының қазіргі заманғы сын-қатерлерін талқылауға арналған тиімді алаңға айналды. Қатысушылар спикерлерге өзекті сұрақтар қойып, медиаконтент сапасын арттыру және ақпараттық ортада сенімді күшейту жолдарын талқылады. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -