Семейлік әке жолын таңдаған әскери қаржыгер

638
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінде әскери династия жиі кездеседі.

Солардың бірі қаржы қызметінің офицері лейтенант Никита Пестов, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қонаев қаласындағы орта мектепті бітірген жас түлектің алдында екі таңдау тұрады.

Біріншісі әкесі сияқты үлгілі офицер болу, ал екіншісі анасы сияқты білікті бугхалтер қызметінде жұмыс істеу. Никита, ойлана келе қаржы саласында қызмет атқаратын әскери қызметші болуды көздейді. Ол 2020  жылы мектепті аяқтаған соң Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің «Князь Александр Невский атындағы әскери университетіне оқуға түседі. Ұландық әскери жоғары оқу орынның қаржылық-экономикалық факультетінде  экономикалық қауіпсіздік мамандығында білім алады. 2025 жылы университетті үздік бітірген ол Шығыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінде қаржы қызметі офицері лауазымында қызметін бастады.

"Менің мамандығым үлкен жауапкершілікті, сауаттылықты және кәсіби біліктілікті қажет етеді. Ұлттық ұлан сапында қаржы әлеуетін дамытып, экономикалық қауіпсіздікті сақтауда барынша күн жігерімді аямаймын" Никита Пестов

Айта кетейік, әскери қызметшіің әкесі полковник Евгений Пестов 1994–1998 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары шекаралық командалық училищесінде оқыған. Ұлттық ұланның 7552 әскери бөлімінде взвод командирінен бастап қызмет атқарған. Қазіргі уақытта 6654 әскери бөліміндегі арнайы мақсаттағы «Б» бөлімшелерінің жауынгерлік және әдістемелік даярлық орталығының бастығы лауазымында қызметін атқарады.

Әкесінің әскери жолымен жүріп, анасының мамандығын таңдаған Никита бүгінде әскери бөлім мақтанышына айналған. Ұлттық ұлан сапында қажырлы еңбек етуден жалықпаған офицер қатарластарына үлгі және әрқашан қолдау танытуға даяр азамат.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -