Қостанайдан Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданына дейінгі жолға баламалы бағыттар анықталды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қатты жауын-шашын мен ауыр жүк көліктерінің қозғалысы салдарынан KZ15-08 «Тимирязево – Сарыколь – облыс шекарасы» автожолының 0-30 км (Қостанай облысы шек.- Темирязево ауылы)аралығында жолдың ойылып кетуі орын алды. Осыған байланысты, 2025 жылғы 9 қараша сағат 11:00-ден бастап жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі үшін көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.
Костанай қаласынан Тимирязев ауданына қозғалыс келесі республикалық маңызы бар балама(альтернативті) автожолдар арқылы жүзеге асырылады:
- KAZ03 «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыколь – Костанай (айналма жол) – РФ шекарасы (п/п Қайрақ)» — км 553–768;
- KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавловск» — км 673–786;
- KZ15-05 «Волошинка – Сергеевка – Тимирязево» — км 56–119.
Жолды 2025 жылғы 17 қараша сағат 11:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.