Қазақстан Токиодағы Сурдлимпиада ойындарын сенімді бастады

616
Фотосурет: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Бүгін Сурдлимпиада аясында дзюдодан өткен жарыста қазақстандық спортшылар 2 алтын және 2 қола медальді ел қоржынына салды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Хамза Ғұлама -66 кг салмақ дәрежесінде финалда алжирлік Бухидель Абдеррахманды иппонмен жеңіп, алтын медальді иеленді. Бұл салмақтағы қола жүлде Иран мен Оңтүстік Корея  спортшыларына бұйырды.  Ал, -73 кг салмақта Шадияр Қуандық ақтық сында Оңтүстік Корея спортшысы Хванг Хёндіде  иппонмен жеңіп, чемпион атанды. Қола жүлделер Украина және Жапон спортшыларына бұйырды.

-60 кг салмақта Алтынбек Кәкітаев  пен -48 кг Айым Жетпісбаева жұбаныш белдесулердің қортындасы бойынша қола жүлдегер атанды. Фериде Кара оглы (-52 кг) мен Дина Адамбаева (-57кг) қарсыластарына есе жіберіп,  жарыс жолын аяқтады.

Ертең ауыр салмақтарда 8 қазақстандық спортшы ел намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ, бүгін бадминтоннан ұлттық құрама спортышлары жекелей сында  өнер көрсетті. Спортшылар алғашқы матчта қарсыластарына есе жіберді: Қазақстандық Салима Бақытова  Гонконгтық  спортшы  Чинг Винг Тринити Иенгке  1:2,  Аяжан Жұмабек   кореялық  Хуанг Ким - 0:2 және Тайбейлік Ян Ру Шинге 0:2, Виктор Волков  словакиялық Петер Петрович 0:2, Артем Ковальский  кипрлық Маркос Саввинес - 0:2 және  Маркос Саввидес 0:2  есебімен жеңілді.

Айта кетсек, XXV жазғы Сурдлимпиада 15-26 қараша аралығында өтіп жатыр. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға 81 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 209 дисциплинада бақ сынайды. Қазақстан ұлттық құрамасының 78 спортшысы 8 спорт түрі бойынша ел намысын қорғайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -