Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі ресми түрде хабарлағандай, Астана қаласы бойынша АФМ департаменті Беларусь азаматы, 1998 жылы туған, әлеуметтік желілерде Mellstroy псевдонимімен танылған Андрей Александрович Буримді халықаралық іздеуге жариялады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Сот Буримге қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Ол Mellstroy.game атты заңсыз онлайн-казиноны жарнамалау мақсатында ауқымды кампания ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Бұл науқан Қазақстан пайдаланушыларын да нысанаға алған.
АФМ мәліметінше, блогер түрлі челлендждер мен розыгрыштар жариялап, TikTok, YouTube Shorts және басқа әлеуметтік желілерде Mellstroy.game атауын, логотиптерін және сайт сілтемелерін пайдаланып бейнероликтер жасауға адамдарды шақырған.
Бұған дейін Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адам ұрғаны үшін түзету жұмыстарына және айыппұлға сотталған. Сонымен қатар, 2025 жылдың қарашасында Беларусьтің Минск қалалық соты оның барлық платформалардағы арналарын, логотиптері мен сутаңбаларын экстремистік материал деп таныды.
АФМ Қазақстан азаматтарын заңсыз құмар ойын бизнесін кез келген түрде жарнамалаудан немесе оған қатысудан қатаң сақтандырады. Қазақстан заңнамасында мұндай әрекеттер үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.
Іздеудегі адамның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, төмендегі нөмірлер бойынша Астана қаласы ДЭР-ге хабарлауыңыз сұралады:
- +7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім
- +7 7172 70 84 79
Анонимдік пен сыйақы кепілдендірілген.
Күдікті немесе түсініксіз жарнамалық ұсыныстар түскен жағдайда ақпаратты «АФМ Insider» телеграм-ботына жолдау ұсынылады. Анонимдік толық сақталады.
Call-center АФМ: 1458