Мемлекеттік кірістер органдары мүлік сату табыстарын төмендету фактілерін анықтады

561
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың салықтық міндеттемелерін толық орындауын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде салықтық әкімшілендіру жүргізетінін хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бақылау шараларын жүргізу барысында мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекеттеседі.

Уәкілетті органның деректерін ұсынылған салық декларацияларындағы мәліметтермен салыстыру нәтижесінде 2024 жылға мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен алынатын табыстарды (мүліктік табысты) төмендету фактілері анықталып хабарламалар жіберілді.

Хабарламаны орындау мақсатында салық төлеушілер өз бетінше есептелген салықтарды төлей отырып, салықтық есептілікті ұсынуы немесе келіспеген жағдайда түсіндірме беруі қажет.

Хабарламаны орындау мерзімі – 30 жұмыс күні.

Мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен алынатын табыстарды қоса алғанда, табыс алынған жағдайда салық төлеу қажеттілігін еске саламыз.

Аталған міндеттемелер Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Салық кодексімен белгіленген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -