Қазақстандық вокалист қыздар «Халі-Хало» халықаралық байқауында жеңімпаз атанды

605
Фотосурет: Gov

Беларусь Республикасының Новополоцк қаласында эстрадалық ән орындаушыларының XXI халықаралық «Халі-Хало» жасөспірімдер байқауы өтті. Іс-шараға Қазақстан, Беларусь және Ресейдің дарынды жастары қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның атынан өнер көрсеткен қатысушылар кәсіби шеберлігімен ерекшеленіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, орта жас санаты бойынша Астана қаласының жас вокалисі Дәмелі Біржанова «Мұны неге білмейсің?» атты композициясын орындап, I орын иеленді. Жоғары жас санаты бойынша Қазақстанды Әмина Жанат таныстырды. Ол «Қазағым-ай» және ағылшын тіліндегі «Mamma Knows Best» әндерін орындап, II орынға ие болды.

Байқау қатысушыларының өнерін Қазақстан, Беларусь, Армения және Грузияның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, сондай-ақ жетекші педагогтар, әртістер мен продюсерлер бағалады. Қазақстан атынан қазылар алқасының құрамында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер» кафедрасының оқытушысы Ибраһим Әмин болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -