Қазақстандық лоукостер FlyArystan күз-қыс маусымындағы сапарлар үшін жаңа халықаралық бағыт – Ақтау – Дубай – Ақтау бойынша әуебилеттерге жеңілдік жариялайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Арнайы бағалар 2025 жылдың 17 қарашасы сағат 11:00-ден 18 қараша сағат 23:59-ға дейін қолданылады. Осы кезеңде жолаушылар 2025 жылдың 29 қарашасынан 2026 жылдың 28 наурызына дейінгі сапарларға тиімді бағамен билет сатып ала алады.
Стандартты тариф (жолжүксіз) құны Ақтаудан Дубайға 53 000 теңгеден, ал Дубай – Ақтау бағытында 59 000 теңгеден* басталады.
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады. Алғашқы кезеңде рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері жүзеге асырылады. 16 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін, сондай-ақ 2026 жылдың 10-24 наурызы аралығында сейсенбі күндері қосымша рейстер орындалады.
FlyArystan-ның стандартты тарифі кездейсоқ таңдалатын бір орынды және өлшемі 56×23×36 см, салмағы 5 кг-ға дейінгі бір қолжүгін қамтиды. Билеттер мен қосымша қызметтерді FlyArystan мобильді қосымшасынан, flyarystan.com сайтынан немесе өзге ресми сату арналары арқылы сатып алуға болады. Арнайы бағадағы орындар саны шектеулі.
Баға валюта бағамының өзгеруіне байланысты аздап ауытқуы мүмкін.