Коммуналдық қызметтер елордада қардан тазалау жұмыстарын ауқымды түрде жалғастыруда

594
Фотосурет: Gov

Астананың коммуналдық қызметтері қыс басталғалы бері күшейтілген тәулік бойғы режимде жұмыс істеп келеді. Күн сайын қала көшелерінен ондаған жүк көлігімен қар шығарылуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түнде елордадан 33 рейспен арнайы полигондарға 402 текше метр қар шығарылды. 17 қараша таңертеңгі уақытта қар тазалау жұмысына 3 мыңға жуық жол жұмысшысы мен 803 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Коммуналдық қызметтер көше мен тротуарларды тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруы үшін техникалық тұзбен өңдеуге ерекше назар аударады.

Айта кетейік, қысқы маусым басталғалы бері Астанадан 294 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 63 558 ауыр жүк көлігінің рейсіне тең.

Алдымен негізгі магистральдық көшелер мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда қар күреу жұмысы жүргізіледі.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, көшеде және тротуарларда абай болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -