2025 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» №70 қаулыны қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қаулыда соңғы 12 айда 90 күннен аса кешіктірілген қарызы бар қарыз алушылар үшін борыш жүктемесі коэффициентін (БЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету көзделеді, бұл осы қарыз алушылардың артық міндеттемелер алу мүмкіндігін шектеуге және қайта дефолт ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, төмендегідей талаптардың бірі болған кезде кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беруге шектеу енгізіледі:
- банктік қарыздар бойынша күнтізбелік 30 күннен аса және (немесе) микрокредиттер бойынша 1 күннен аса төлем мерзімі өткен кезде,
- 2025 жылғы 1 шілдеден бастап соңғы 36 айда негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша толық кешірілген берешек болған кезде,
- соңғы 12 айда қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпеген қайта құрылымдау жүргізілсе.
Бұл өзгерістер ағымдағы жылғы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.