Цифрлық шешімдерді енгізу Қазақстан жолдарындағы жол-көлік оқиғалары санын азайтуға мүмкіндік берді

594
Фотосурет: UKIMET

Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кезекті кеңес өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарында ауыр зардаптары бар жол-көлік оқиғаларының жоғары деңгейі сақталуда. Бұл өңірлерде жол апатынан болған өлім-жітім 56%-ды құрайды.

Статистика көрсеткендей, өлім-жітімнің ең көп саны халықаралық және республикалық жолдарда тіркеледі.  

Жол қозғалысын қадағалау мақсатында ІІМ бөлімшелері автоматты камералар, жылжымалы кешендер мен дрондар сияқты цифрлық шешімдер қолдануда.

Трассаларда орташа жылдамдықты бақылау 2 мың шақырым жолды қамтиды. Бұл тәжірибе ұзындығы 1 мың шақырымнан асатын 10 жолда кеңейтіліп жатыр (Көкшетау – Петропавл; Қызылорда – Арал; Қостанай – Троицк; Ақтөбе – Орынбор).

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, жылдамдық режимін сақтау үшін ақылы учаскелерде орташа жылдамдық бақылау жүзеге асырылатынын баяндады. Онда 170 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған. Орташа жылдамдықты бақылауды енгізу жол-көлік оқиғаларының санын 8%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Ауа-райының қолайсыздығы кезінде жылдамдық режимін реттеу мақсатында 2025 жылы Астана – Щучинск және Астана – Теміртау учаскелерінде көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын шектеуге арналған 72 ауыспалы ақпарат белгісі орнатылды.

Жиын қорытындысы бойынша Роман Скляр жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -