БАҚ өкілдері Қазақстанның оңтүстігіндегі әскери-медициналық мекемелердің жұмысымен танысты

638
Фотосурет: Gov

Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелеріне барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Журналистер мен блогерлер Талдықорған, Сарыөзек, Қонаев, Алматы және Гвардейск гарнизондарында мерзімді қызметтегі сарбаздарға көрсетілетін медициналық қамтамасыз ету, тамақтандыру және тұрмыстық ахуалмен танысты.

Баспасөз турына Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров жетекшілік етті. Талдықорғанда өткен баспасөз конференциясында ол Қарулы күштердің көп деңгейлі медициналық қамтамасыз ету жүйесінің дамуы жайлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан Қарулы күштерінде 16 әскери-медициналық мекеме, оған қоса тәулік бойы көмек көрсететін 130-дан астам тактикалық медициналық бөлімше жұмыс істейді. Жүйеде 2300-ден аса маман қызмет атқарады. Бұдан басқа әскери қызметшінің цифрлық денсаулық паспортының енгізілуін және денсаулық жағдайын талдауда, ауруларды ерте анықтауда жасанды интеллект технологияларын қолдану перспективаларын да атап өтті.

Сапар барысында БАҚ өкілдері әскери қызметшілерді емдеу жағдайларын және заманауи медициналық жабдықтардың жұмысын бағалады. Қатысушыларға амбулаторлық, қабылдау, терапиялық және хирургиялық бөлімшелер, басқа да жоғары технологиялы диагностикалық жүйелермен жабдықталған зертханалар көрсетілді. Мобильді далалық жұқпалы аурулар госпиталі, операциялық-реанимациялық кешен, санитарлық-эпидемиологиялық зертхана және дезинфекциялық-жуыну кешені сапар барысында ерекше назарға ие болды.

Журналистер Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығындағы 800-ден астам әскери қызметшіні қамтамасыз ететін монша-кір жуу комбинатына барды. Мұнда жылдық кір жуу көлемі 220 мың келіден асады, ал бұл кешен сағатына 180 адамға дейін қабылдай алады. Бұдан бөлек, олар азық-түлік пен жанар-жағармай сапасын бақылау зертханаларының жұмысымен танысты.

Баспасөз турына қатысушылар әскери-медициналық мекемелердің жұмысын, олардың жабдықталуы және жеке құрамның денсаулығына жасалатын қамқорлық деңгейі туралы жан-жақты білдік деп атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -