Kazneb онлайн-кітапханасы келушілер саны бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді

451
Фотосурет: kazpravda.kz/Адильбека Тауекелова

Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана оқырмандары 28,8% артты, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылдың алғашқы 10 айында Қазақстандық Ұлттық электронды кітапханасы Kazneb.kz платформасының даму қарқыны жаңа деңгейге көтерілді. Өткен жылы контент қаралымы 5 344 169 болса, биыл 7 350 220 жеткен яғни қаралым 37,5%-ға жуық артқан, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Пайдаланушылар саны былтыр 449 751 адам болса, биыл 579 359 оқырманға көбейіп, көрсеткіш 28,8%-ға жетті.

Өткен жылы қашықтықтан 902 280 адам кірсе, биыл 1 140 330 адамға көбейіп, өткен жылмен салыстырғанда 26,38% артқан.

Авторлардың рұқсатымен жүктелген құжаттар саны былтыр 4 241 023 болса, биыл 5 620 751-ге жетті яғни 32,53% артқан.

Электронды базаға 4 340 электронды көшірме және 504 485 бет (106 Гб) жүктеліп, 151 126 бет сканерленіп, 484 680 бет редакцияланды.

Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорында 64 тілде 82 939 құжат сақталған. Барлық материалды порталға тіркелмей-ақ көруге болады. Қазіргі кезде бұл платформаны 123 елдің оқырмандары пайдаланады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -