Ұлдана Мырзуан – Қазақстан медицина қызметкерлерінің ерлік пен жанқиярлық символына айналды

3344
Фотосурет: instagram.com/rustemova_aliya

Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тиісті Жарлыққа 2025 жылы 18 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қаласы әкімдігінің Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы жолдамалы бригадасының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын" Ақорда

Қасіретті оқиға 2025 жылдың 8 қарашасында Астанада болды. Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің қасбетінде сыртқы кірпіш қаптамасы мен оған орнатылған кондиционер опырылып құлап түсті. Ауыр құрылыс материалдарының құлауы салдарынан оқиға орнында болған бес адам жарақат алды.

Сол сәтте қызметтік міндетін атқарып жүрген 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан да ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, 18 қараша күні Ұлдана ауруханада көз жұмды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -