Индустриялық парк №1 Астананың өнеркәсіптік әлеуетін арттырып келеді

561
Фотосурет: Gov

№1 Индустриялық паркте жалпы құны 336 млрд теңгені құрайтын 140 жоба орналастырылған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында экспорттық әлеуетті қалыптастырып, жаңа технологиялар енгізетін және жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін бірден бір сала ретінде өңдеу өнеркәсібінің маңыздылығын атап өткен еді. Өнеркәсіпті дамыту экономиканың стратегиялық бағыттарының бірі болып қала береді. Өткен жылы өңдеуші секторының өсімі 10%-дан асып, 2,5 трлн теңгеге жетті, ал 2025 жылы жаңа өндірістік қуаттардың іске қосылуы есебінен 7% деңгейінде өсім күтіледі.

Елордадағы №1 Индустриялық парк – жалпы құны 336 млрд теңгені құрайтын 140 жоба орналастырылған қаланың негізгі өндірістік алаңы. Олардың 82-сі іске қосылған болса, 58-і жүзеге асырылу кезеңінде. Жинақталған тәжірибе негізінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаттарымен №2 Индустриялық парк құру жұмыстары басталды. 500 млрд теңгеден асатын 100-ден астам жобаны іске асырып, 7 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Басым бағыттардың бірі – логистикалық инфрақұрылымды дамыту. «Астана-Технополис» АЭА аумағында Логистикалық парк құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Көлік-логистикалық орталықтарды салуға қызығушылық танытқан отандық және шетелдік инвесторлар пулы қалыптастырылды.

Ұлттық жобалар пулына кіретін 127 жоба 2,2 трлн теңгені құрайды және 24,5 мың жұмыс орнын құруды көздейді.

Индустриялық парк аумағында үш жетекші кәсіпорын – «MODEX», «KazPan» және «ATM Construction & Investment» бар.

«MODEX» зауыты – көлемдік-блоктық технология бойынша дайын модульдік үй жинақтарын өндіретін кәсіпорын. Бұл технология түрлі нысандардың құрылысына кететін уақытты айтарлықтай қысқартып, өзіндік құнын төмендетеді, осылайша тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырады. Зауыт жыл сайын шамамен 200 мың шаршы метр тұрғын үй салуға жеткілікті модульдік құрылымдар шығарады.

«KazPan» кәсіпорны өнеркәсіптік, логистикалық, әкімшілік, спорттық және басқа нысандардың құрылысында кең қолданылатын сэндвич-панельдер өндіреді. Зауыт кореялық «Kindus» автоматтандырылған желісімен жабдықталған және жылына 1,8 млн шаршы метр өнім шығарады. Мұнда заманауи технологиялармен жұмыс істеу үшін Kindus инженерлерінен оқыған 100-ге жуық маман еңбек етеді.

«ATM Construction & Investment» (YDA компаниясы) зауыты – медицина, құрылыс және девелопмент, авиация және энергетика, тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсететін көпсалалы кәсіпорын. Өндірістік кешен құрамында бес кәсіпорын бар: медициналық және кеңсе жиһазы, медициналық жабдық, модульдік ғимараттар, металлоконструкциялар, терезе және витраж өнімдері шығарылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -