Шымкентте заңсыз алкоголь өндіру цехы жабылды

528
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 10 қарашада Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Шымкент қалалық Полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру фактілерін анықтау мақсатында бірлескен іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдана отырып алкоголь өнімін өндіретін жасырын цех анықталды.

Тексеру нәтижесінде: «Родная степь» маркалы 2 623 бөтелке (0,5 л) алкоголь өнімдері, жалпы көлемі 3 500 литр 5 еврокуб (көлемі 1 тоннадан) этил спирті белгілері бар сұйықтық, өнім құюға арналған 2 аппарат, 10 000 дана бос бөтелке тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары процессуалдық шешімдер қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -