Күн райына байланысты енгізілген шектеулерден кейін Қызылорда облысындағы Қазақстанның маңызды автомагистральінде қозғалыс қайта ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
2025 жылғы 21 қараша сағат 07:00-де республикалық маңызы бар "РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" 1680-1912 шақырым аралығындағы (Үшінші Интернационал ауылы- Бәйгеқұм ауылы) учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылады.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.