Алдыңғы орында — тиемділік пен адалдық: төрт аяқтылар ауыр қылмыстарды әшкерелеуге көмектеседі

1551
Фотосурет: Gov

Павлодар облысында қызметтік иттердің көмегімен 150-ден астам қылмыс ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

 Жыл баасынан бері Павлодар облысында қызметтік иттердің көмегімен 150-ден астам қылмыс ашылды. Қызметтік иттер полицияның жұмысының тиімділігін көрсетеді.

"Павлодар облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығы қылмысқа қарсы күресте қызметтік-іздестіру иттерін сауатты әрі барынша тиімді пайдалануды мақсат еткен біртұтас тетік ретінде жұмыс істейді. Бүгінде орталықта полицияда 22 қызметтік ит бар. Олар неміс овчаркалары, лабрадорлар, спаниельдер, бельгиялық овчаркалар" Павлодар облысы ПД кинологиялық қызмет орталығының бастығы Нияз Валиев

Қызметтік иттердің күн тәртібі нақты жоспарланған. Әр таң ветеринарлық тексеруден басталып, одан әрі бағыттары бойынша жаттығулармен жалғасады. Күн сайын полицияға түрлі шақыртулар түсіп жатады.

Қызметкерлер оқиға орнына жедел түрде шығады. Иттер де адамдар секілді сезінеді, алаңдайды, сондықтан олар өз қызметтерін барынша жауапкершілікпен атқаруға тырысады. Олар барлық командаларды мүлтіксіз орындап, түрлі жағдайларда көмекке келеді: жоғалған заттарды іздеуден бастап қылмыскерлерді ұстауға дейін.

Мұның артында полиция қызметімен өмірін байланыстырған кәсіби кинологтардың ұзақ әрі тынымсыз еңбегі жатыр. Кинологтар үшін қызметтік иттер – өз баласындай. Олар күшіктерді кішкентай күнінен бастап тәрбиелеп, баптап, мейірім мен қамқорлық танытады. Қызметтік иттердің өткір иіс сезімін және адалдығын ешбір техника алмастыра алмайды, – дейді тәртіп сақшысы.

Жыл басынан бері қызметтік иттер арқылы 150-ден астам қылмыс ашылды, оның ішінде 55-і есірткі қылмыстары бойынша. Мәселен, полицияның Буран атты ержүрек қызметтік ит полицияда 5 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Ол есірткі заттарын іздеу бағытында маманданған. Оның көмегімен ондаған қылмыс ашылған.

Павлодар қаласында Геринг – Елгина көшелерінің қиылысында полицейлер тексеру мақсатында Nissan автокөлігің тоқтатты. Жүргізушімен әңгімелесу барысында «Буран» атты қызметтік ит мінез-құлқымен автокөлік салонында күмәнді зат бар екенін көрсетті. Көліктің артқы орындығының астын тексеру кезінде тәртіп сақшылары өсімдік тектес сұр-жасыл түсті екі брикетті анықтады.

Кинологиялық қызметте кездейсоқ адамдар болмайды, себебі оның негізінде жануарларға деген сүйіспеншілік жатыр. Еңбексүйгіштік, төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік пен сақтық – адам мен ит арасындағы табысты тандемнің басты кепілі.

Бұл жерде жүнді, көңілді күшіктер де, ересек иттер де өз полицейлерді көргенде қуанышын жасыра алмайды. Олар үшін ең үлкен марапат – қожайынының мақтауы мен қолынан берілген бір үзім дәм.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -