521,8 млрд теңге – Қазақстандағы Яндекс Такси серіктестерінің 2025 жылдың 10 айында тапқан табысы

902
Фотосурет: Яндекс Go

2025 жылдың 10 айында Қазақстандағы Яндекс Go-мен серіктестікте жұмыс істейтін жүргізушілер мен таксопарктердің жалпы табысы 521,8 млрд теңгені құрады. Бұл шамамен 1 млрд АҚШ долларына тең, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сондай-ақ аталған көрсеткіш 2024 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 71,8 млрд теңгеге артық – өткен жылы ол 450 млрд теңгеге тең болған еді. Ал Яндекс Go серіктестерінің 2024 жылды толық алған кездегі табысы 555 млрд теңге болды.

Бұл цифрлар Go (Такси) сервисі аясында («Қалааралық» бағытты қоса алғанда) есептелген табысты көрсетеді. Оған жүргізушілер мен таксопарктерге орындалған сапарлар үшін берілген төлемдер кіреді.

Сондай-ақ 2025 жылы жүргізушілердің бір сағатта табатын орташа табысы 2024 жылға қатысты алғанда 8,6%-ға, ал 2023 жылмен салыстырғанда 15%-ға артқан. Ал жүргізушілердің орташа рейтингі 4.9-ға тең.

Осыған дейін Yandex Qazaqstan платформалық жұмыспен қамту жобасының аясында 108 мың жүргізуші мен курьер жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы хабарлаған болатын. Жекелей алғанда, компанияның бұл серіктестері үшін бюджетке 8,3 млрд теңге көлемінде қаражат салық және әлеуметтік алымдар ретінде төленді.

Платформалық жұмыспен қамту жобасы салық органдарының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің және Яндекс Go интернет-платформасының қатысуымен жүзеге асырылуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -