Қосшы қаласының қоғамдық кеңесі мен депутаттары мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін талқылады

1122
Фотосурет: Gov

Қосшыда мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібіне арналған семинар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қосшы қаласында Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» акциясы аясында танымдық семинар өтті.

Іс-шараға жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандары, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

Семинар барысында спикерлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихи қалыптасуы, символикалық мәні және оларды қолдану тәртібі жөнінде ақпарат ұсынды.

Айта кетейік, «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы еліміздің білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында, әскери бөлімшелерде, спорт федерацияларында және мемлекеттік мекемелерінде жүйелі түрде ұйымдастырылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -