Алматыда 180 мың литр алкоголь мен 1 млн қорап темекі тәркіленді

1122
Фотосурет: Gov

​​​​​​​Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылдың 10 айында Департамент қызметкерлері алкоголь, темекі және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты көптеген құқықбұзушылықтарды анықтап, жолын кесті, – деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша МКД.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Алматыда заңсыз айналымнан мыналар тәркіленді:

  • 180,2 мың литрден астам алкоголь өнімдері;
  • 1 млн-нан астам қорап темекі бұйымдары;
  • 10 мың тоннадан астам мұнай өнімдері.

Департамент тіркейтін негізгі құқықбұзушылықтар:

  • алкоголь өнімдері бойынша – лицензиясыз қызмет және тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болмауы;
  • темекі өнімдері бойынша – таңбаланбаған темекі бұйымдарын өткізу;
  • мұнай өнімдері бойынша – тауарларға ілеспе жүкқұжатсыз айналым.

Акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымын анықтау ақпараттық жүйелердегі деректерді талдау негізінде (ЭШФ АЖ, ТТҚ АЖ, СӘИЖ, E-лицензиялау және т.б.), сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шаралар аясында жүргізіледі. Бұған қоса, Алматы қаласының тұрғындары мен қоғамдық ұйымдарынан келіп түскен өтініштер де қосымша ақпарат көзі болып табылады.

Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы мемлекетке және адал кәсіпкерлерге айтарлықтай зиян келтіреді, сондай-ақ халық денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Тұрғындар акцизделетін өнімдердің шынайылығын «e-Sapa» және «NAQTY ONIM» мобильді қосымшалары арқылы тексере алады.

Алматылықтар акцизделетін өнімдердің заңсыз сатылуы туралы келесі мекенжайға хабарлай алады: Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 132, немесе телефон арқылы: 8 727 270 07 83.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -