FlyArystan Грузия мен Қытайға халықаралық рейстеріне арнайы бағалар жариялайды

979
Фотосурет: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan қысқы маусымға Кутаиси мен Үрімші бағыттарындағы халықаралық рейстерге билеттерге жеңілдіктер жариялайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылғы 24-25 қараша аралығында жолаушылар 2025 жылғы 1 желтоқсаннан 2026 жылғы 15 наурызға дейін орындалатын келесі бағыттар бойынша арнайы тарифтермен билеттер сатып ала алады:

  • Астана – Кутаиси – 36 351 теңгеден, кері бағытта – 36 286 теңгеден*
  • Алматы – Кутаиси – 38 707 теңгеден, кері бағытта – 36 286 теңгеден*
  • Ақтау – Кутаиси – 26 292 теңгеден, кері бағытта – 26 555 теңгеден*
  • Атырау – Кутаиси – 28 868 теңгеден, кері бағытта – 26 555 теңгеден*
  • Астана – Үрімші – 39 519 теңгеден, кері бағытта – 33 817 теңгеден*

*Баға валюта бағамының өзгеруіне байланысты аздап ауытқуы мүмкін.

FlyArystan сайтында Kiwi.com платформасымен интеграция қолжетімді. Бұл жолаушыларға қазақстандық лоукостердің рейстерін басқа әуекомпанияларының бағыттарымен бір іздеу ішінде біріктіруге және ыңғайлы тоғысу маршруттарын таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша, Кутаиси мен Үрімші бағыттарына арнайы тарифтермен билет сатып алған жолаушылар одан әрі сапарлары үшін бірден қолайлы нұсқаларды таңдай алады.

Кутаиси халықаралық рейстердің кең таңдауы арқасында Еуропаның ірі қалаларына сапарды жалғастыруға мүмкіндік береді. Ал Үрімші ішкі бағыттардың дамыған желісімен Қытай бойынша саяхатқа шығу үшін қолайлы бастау нүктесі бола алады.

FlyArystan стандартты тарифіне салмағы 5 кг-ға дейін (56×23×36 см) бір дана қол жүгі және борттағы кездейсоқ орын кіреді. Билеттер мен қосымша қызметтер FlyArystan мобильді қосымшасында, www.flyarystan.com сайтында және өзге де ресми сату арналары арқылы қолжетімді. Арнайы тарифтер бойынша билет саны шектеулі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -