Алматыдағы Ұлттық ұланның әскери бөліміне күзгі шақырылымның алғашқы сарбаздары келді

1419
Фотосурет: Ұлттық ұлан

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның Алматы қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөліміне күзгі шақырылымның алғашқы сарбаздары келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алғашқы лек Қарағанды және Ақтөбе қалаларынан жеткізілді. Жас толықтыруларды әскери бөлімнің жеке құрамы салтанатты түрде қарсы алды.

Бөлім командирі полковник Мақсат Баймағұлов сарбаздармен арнайы жүздесіп, құттықтау сөзін айтты.

"Бүгін сіздер Ұлттық ұлан сапына қосылып, абыройлы әрі жауапты қызмет жолына қадам бастыңыздар. Әскери тәртіпті қатаң сақтап, Отанға адал қызмет етесіздер деп сенемін. Бөліміміз әрбір сарбаздың шыңдалып, нағыз жауынгер болып қалыптасуына барлық жағдай жасайды" Полковник Мақсат Баймағұлов 

Келген жас сарбаздар үшін алғашқы түсіндірме сабақтары ұйымдастырылып, әскери форма жиынтығы берілді. Енді олар Жас сарбаздарды оқыту пунктінде бастапқы жауынгерлік дайындықтан өтеді. Оқу бағдарламасын толық меңгерген соң, әскери ант қабылдайды.

Ант қабылдағаннан кейін сарбаздар Алматы қаласының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету міндеттерін орындайтын бөліністерге бөлінетін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -