Ұлттық ұлан сарбаздарына жоғары білім алуға мүмкіндік берілді

1122
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ақтауда Ұлттық ұлан сарбаздарына білім гранттары табысталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ақтау қаласында ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімінде қызметін абыроймен атқарған 12 сарбазға «Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында мемлекет есебінен тегін білім гранттары табысталды.

«Сарбаз 2.0» бағдарламасы жыл сайын екі мыңнан астам жас жауынгерлерге жоғары оқу орындарына тегін білім алуға мүмкіндік береді. Бұл — әскери борышын мінсіз өтеген жастарды қолдауға бағытталған маңызды жоба. Грант иегерлерінің бірі – қатардағы жауынгер Ахмеджан Агапашев. Бір жылдық әскери қызмет кезеңінде ол тәртіптілігімен, шыдамдылығымен, белсенділігімен көзге түсіп, «үздік жауынгер» атанған.

Енді ол еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсуді жоспарлап отыр.

"Әскери қызмет маған ерік-жігер мен тәртіпті үйретті. Елім алдындағы борышымды адал атқаруды басты міндетім деп білдім. Сол еңбектің еленгеніне қуаныштымын. Болашақта алған білімімді ел игілігіне жұмсағым келеді" Ахмеджан Агапашев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -