БЖЗҚ зейнетақы активтерінің өскенін хабарлады

1342
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

Зейнетақы жинақтары 12 айда 20% дерлік ұлғайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,84 трлн теңгеге жетті. 12 айда 4,27 трлн теңгеге немесе 19,8%-ға артты.

2025 жылдың 1 қарашасында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,46 трлн теңге. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 18,0% артық. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 727,11 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 14,7%. Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) еншісінде. Жарналардың бұл түрі 30,0% артып, көлемі 9,56 млрд теңгеге жетті.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 қарашасына 642,07 млрд теңге болды.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды.

2025 жылдың 10 айында салымшылардың шоттарына 2,64 трлн теңге мөлшерінде зейнетақы жарналары түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 17,2%-ға немесе 385,86 млрд теңгеге артық.

МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 қарашасына дейін 2157,36 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 9,5%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 111,11 млрд теңге (өсім – 17,6%), ЕЗЖ – 1,96 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 10 айында ЖМЗЖ 365,22 млрд теңгені құрады.  

Төлемдер мен аударымдар

2025 жылдың 10 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 539,97 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 1,6 есе немесе 550,06 млрд теңгеге көп.

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 12 айда 18,5% ұлғайып, 01.11.2025ж. 203,37 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 728 теңге.  

Жыл басынан бері 01.11.2025ж. дейін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) де жүзеге асырылды – 919,55 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 54,14 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 36,57 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,60 млрд теңге, жерлеуге – 8,87 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 314,87 млрд теңге аударылды.

Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны

2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,06 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,13 млн бірлік немесе 6,7%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қарашасына 12,68 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,27 млн - МЗЖ бойынша, 756,18 мыңы - МКЗЖ бойынша, 462,23 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, бір жыл ішінде кемінде бір рет болса да жарна түскен ЖЗШ белсенді шот болып есептеледі. 2025 жылдың 10 айында МЗЖ 7,03 млн ЖЗШ-ға түсті, бұл жарналар енгізілуі тиіс 12,23 млн ЖЗШ-ның 57,5% құрайды. Бұған сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ашылған шоттар мен есепті кезең ішінде ашылған жаңа шоттар кіреді. Бұл санға елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинағын алу туралы өтінішпен жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарына мұрагерлік ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2017 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға аударылған әскери қызметшілердің және шоттарына қазақстандық заңнамаға сәйкес жарналар түспеуі керек басқа да санаттағы салымшылардың (алушылардың) шоттары кірмейді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-ға аударылған ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,39 млн бірлік. 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -