Прокуратура жер қойнауын пайдаланушылардың жерді заңсыз иеленуін тоқтатты

1067
Фотосурет: freepik.com

Қостанай прокуратурасы жер қойнауын пайдалану учаскелерін қолданудағы заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қостанай облысының прокуратурасы жер учаскелерін қайтару шараларының қабылданбаған фактілерін анықтады.

Тексеру нәтижесінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген 16 учаске бойынша лицензиялардың қолданылу мерзімі аяқталғаны, сондай-ақ бірқатар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мерзімінен бұрын тоқтатылғаны анықталды.

Соған қарамастан, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 және 107-баптарының талаптары бұзылып, құқықтық негіздің болмауына қарамастан, бұл учаскелер шаруашылық жүргізуші субъектілерге есептелуін жалғастырған.

Облыс прокуратурасының қадағалау актісі нәтижесінде құны 625 млн теңгеден асатын 16 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -