Заманауи кардиостимуляторлар жүрек жеткіліксіздігін емдеудің тиімділігін арттырады — КІАҒЗИ тәжірибесі

968
Фотосурет: КІАҒЗИ

КІАҒЗИ жүрек қызметінің жеткіліксіздігімен екі науқасқа соңғы буынғы үш камералы кардиостимулятор орнатылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында CRT-P Amvia Sky құрылғысын орнатумен жүректі физиологиялық стимуляциялау бойынша мастер-класс өтті. Ол стандартты кардиостимуляторлардан ең алдымен жүрек ырғағы өзгергіштігі барынша физиологиялық ырғаққа жақын болуымен ерекшеленеді. Стимуляция алгоритмі физикалық әрі психоэмоционалдық жүктемеге жауап беріп, өмір сапасын жақсартуға және қолайсыздықтың болмауына ықпал етеді. Операция жергілікті анестезиямен жасалды.

Екі науқасқа жасалған операцияны аритмология қызметінің аға ординаторы Асылхан Паримбеков профессор Krzysztof Boczar, MD, PhD (Краков, Польша) қатысуымен жүргізді. Бұл – қарыншалардың жиырылу синхрондылығы бұзылған, жүрек қызметі жеткіліксіздігі, сол жақ қарыншаның жиырылу фракциясы төмендеген, AV-блокададан кейінгі, жүрекшелер абляциясын және кардиохирургиялық араласуларды өткерген науқастар. Оларға арнайы үш камералы кардиостимуляторлар (CRT-P) қажет.

Мастер-класқа қатысушылар кардиоресинхрондау терапиясы принциптерімен танысты. Оның клиникалық тәжірибеде қолданылуы, жүректің өткізгіштік жүйесі аймағына имплантация жасау көрсетілді.

«Мастер-кластар біздің мамандардың медицинаның соңғы жетістіктерінен хабардар болуына, жаңа емдеу әдістері мен технологияларды меңгеруіне, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік береді. Тәжірибе алмасу дәрігерлердің кәсіби қызметке қажетті білімдерін, біліктілік пен дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді» Институттың Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев

Асылхан Бүрқітбайұлының айтуынша, үш камералы CRT-P кардиостимуляторлары қарыншалардың синхронды жұмысын қамтамасыз етіп, жүректің насос функциясын жақсартады, қанайналым тиімділігін және науқастардың өмір сапасын арттырады.

Олар жүректің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Кардиоресинхрондау терапиясы жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеудің маңызды компоненті болып қала береді, ал үш камералы құрылғыларды қолдану ұзақ мерзімді клиникалық нәтижелерді жақсартады.

«Жүректің өткізгіштік жүйесіне бағытталған CRT-P имплантациясы жүрек қызметі жеткіліксіздігі бар науқастарда ұзақ мерзімді нәтижелерді жақсартуға жаңа мүмкіндік ашады» Жүрек ырғағы және өткізгіштігі бұзылыстары бөлімшесінің меңгерушісі Бағдат Ахыт

Операциялар сәтті өтті. Кардиостимулятормен науқастар толыққанды өмір сүре алады: жұмыс істеу, белсенді өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, саяхаттау, ұшақпен ұшу және т.б.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -