Шуда 60 жастағы ер адам аса ірі көлемде гашиш сақтағаны үшін ұсталды

935
Фотосурет: Polisia.kz

Шуда аса ірі көлемде гашиш сақтаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шуда аса ірі көлемде гашиш сақтаған ер адам ұсталды. Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ҚР ІІМ-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетімен және "Сұңқар" арнайы бөлінісінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады. Полиция қызметкерлері Шу қаласының 60 жастағы тұрғынының үйін, ауласын және шаруашылық құрылыстарын тексерді.

Тінту барысында аулада орналасқан бастырманың астынан, жиһаздың артында жасырылған қара түсті полиэтилен пакет табылды. Пакетті полиция қызметкерлері Хэппи қызметтік иттің көмегімен анықтады.

Пакет ішінен өзіне тән иісі бар жасыл түсті ұнтақ тәрізді зат анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 915 грамм гашиш болып шықты.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарын заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -