Қол жүгімен саяхаттау – көптеген жолаушылар үшін үйреншікті формат.
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) бағалауынша, әлем бойынша жолаушылардың 52%-ы тек қол жүгін алып саяхаттауды жөн көрсе, 48%-ы тіркелген жолжүк рәсімдейд, деп хабарлайды DKNews.kz.
Лоукостерлерде бұл көрсеткіш әдетте әлдеқайда жоғары. Мысалы, FlyArystan жолаушыларының 4-тен 3-і тек қол жүгімен саяхаттауды таңдайды. Сондықтан ұшақ салонындағы кеңістікті дұрыс ұйымдастыру – барлық жолаушылардың жайлылығы үшін ерекше маңызды. Борттағы қол жүгін орналастыру бойынша ұсынымдар және оларды ұстанудың маңызы туралы FlyArystan әуекомпаниясы өзінің Telegram-арнасында бөлісті.
FlyArystan бортында қол жүгінің бірыңғай нормасы қолданылады: өлшемі 56×23×36 см-ден аспайтын және салмағы 5 кг-ға дейінгі бір дана қол жүгі. Бұл параметрлер барлық жолаушылардың заттарын ыңғайлы орналастыруына және отырғызу процесінің жылдам өтуіне мүмкіндік береді.
FlyArystan-ның барлық Airbus A320 CEO/NEO әуе кемелерінде 180/188 орын қарастырылған. Бұл лоукост-әуекомпанияларға тән жоғары тығыздықтағы стандартты орналасу үлгісі. Мұндай салондарда қол жүгін дұрыс орналастырудың рөлі әлдеқайда артады, себебі жүк сөрелерінің жалпы көлемі көп жолаушылар арасында бөлінеді.
Маңызды: қол жүгін жүк сөрелерінде орналастыру жолаушының жауапкершілігі саналады. Бортсеріктер бос орындар жайлы хабарлап, салон ішінде бағыт беруге көмектесе алады, алайда қол жүгін көтеріп қою немесе оны орын ауыстырып орналастыру қызметін орындамайды.
Бұл талап қауіпсіздік (экипаждың жарақат алу қаупінің алдын алу) тұрғысынан да, ұшақты ұшуға уақытылы дайындау үшін де маңызды.
Қол жүгін орналастырудағы маусымдық ерекшеліктер
Күз-қыс маусымында жолаушылар, әдетте, өзімен бірге көбірек жылы киім алып жүреді және мұндай заттар салонда қосымша орын алады. Бұл қол жүгінің салмағына да әсер етеді. Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) Review of Standard Passenger Weights есебіне сәйкес, қыста қол жүгінің орташа салмағы жазға қарағанда жоғары – 7,9 кг, ал жаз айларында көрсеткіш 7,3 кгөды құрайды.
Мұндай маусымдық айырмашылық әлемдік барлық әуекомпанияларға тән және жолаушылардың басым бөлігі тек қол жүгін алып жүретін рейстерде айқын байқалады.
Барлық жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін FlyArystan және басқа халықаралық лоукост-әуекомпаниялар қолданатын бірнеше негізгі ережелерді ескерген жөн.
1. Жүк сөрелері – салондағы ортақ кеңістік
Жүк сөрелеріндегі орын нақты бір жолаушыға немесе орынға бекітілмейді. Бұл – Еуропа мен Азиядағы ірі лоукостерлер ұстанатын халықаралық авиациялық стандарт.
Қол жүгін орналастыру қағидасы: «кез келген бос сөрені кез келген жолаушы пайдалана алады».
Егер орныңыздың үстіңіздегі сөре басқа жолаушылардың қол жүгінен немесе маусымдық киімдерінен толып қалса, сіз көрші басқа кез келген бос сөрелерді, сондай-ақ салонның орталық бөлігіндегі бос сөрелерді пайдалана аласыз. Бұл – кеңістікті біркелкі бөлуге және барлық жолаушылардың жайлылығын сақтауға арналған қалыпты, жоспарлы тәжірибе.
2. Алдыңғы орындық астындағы кеңістікті пайдалану
Алдыңғы орындықтың астындағы кеңістік – жеке заттарыңызды, шағын сөмке немесе арқа- сөмкені орналастыруға арналған аймақ. Әсіресе, арқа-сөмкелерді мұнда қою өте ыңғайлы: олар жақсы сияды, пішінін сақтайды және жүк сөресінен орнын алмайды. Бұл аймақты пайдалану кеңістікті тиімді бөлуге және отырғызу процесін жылдамырақ әрі тәртіппен өткізуге көмектеседі.
Маңызды ерекшелік: апаттық шығу қатарларында (FlyArystan-де 12–13 қатар) отырған жолаушылар заттарын орындық астына қоя алмайды, себебі шығуға өту жолы қауіпсіздік талаптарына сай толықтай бос болуы тиіс.
3. Зат көлемі артқанда қолжетімді қосымша қызметтер
Саяхат форматына байланысты зат көлемі де өзгеретіні түсінікті. Сондықтан FlyArystan жолаушыларға алдын ала қолайлы нұсқаларды таңдауды ұсынады:
- «10 кг қол жүгі» қызметі – салмақ нормасын арттыруға мүмкіндік береді.Бұл жеке заттарын жүк бөліміне тапсырмай саяхаттағысы келетіндер үшін қолайлы. Бұл ретте, өлшемдер өзгермейді (56 × 23 × 36 см), сол арқылы сөрелердің сыйымдылығын сақтауға мүмкіндік береді.
- Егер зат көлемі қол жүгінің базалық нормасынан көп немесе ірі болса, тіркелген жолжүк рәсімдеу ұсынылады.
Екі қызметті де билетті сатып алу кезінде немесе сайттағы/қосымшадағы жеке кабинет арқылы алдын ала рәсімдеген ыңғайлы.
Саяхаттаушылар үшін практикалық кеңестер
- Ұшақта қажет болатын заттарды алдын ала шығарып қойған дұрыс. Бұл кейіннен оларды іздеп, өту жолын немесе сөрені бөгеп қалмауға көмектеседі.
- Егер қол жүгіңіз жұмсақ болса, мүмкіндігінше оны тік қойыңыз — бұл сөренің ені бойынша көбірек орын үнемдеуге мүмкіндік береді.
- Үстіңгі киімді алдыңғы орындықтардағы ілгіштерге орналастырған жөн (апаттық шығу қатарларынан басқа).
- Қатты корпусты шабадандар көбірек орын алады, сондықтан мүмкін болса, жұмсақ сөмке немесе арқа-сөмкесін таңдаңыз.
- Ауыр заттарды сөмкенің төменгі бөлігіне қоюға тырысыңыз. Бұл қол жүгінің ықшам пішінін сақтап, оны сөреге орналастыруды жеңілдетеді.
- Егер отбасымен немесе топпен саяхаттасаңыз, қолжетімді кеңістікті барынша тиімді пайдалану үшін заттарды сөрелерге ұтымды бөліп орналастырыңыз.
FlyArystan-ның қол жүгін орналастыру ережелері халықаралық лоукостерлер тәжірибесіне толық сәйкес келеді: жүк сөрелерінің ортақ пайдаланылуы, бір жолаушыға арналған бірыңғай норма, нақты отырғызу рәсімдері және кеңістікті тиімді пайдалануға арналған ұсыныстар. Мұндай тәсіл борттағы тәртіпті сақтауға, отырғызуды жеделдетуге және барлық жолаушылар үшін маусымға қарамастан жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.