5573 әскери бөлімінің біріккен оқу орталығының базасында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері арасында ПМ-16, АК-18-ден ату және спорттық жаттығуларды орындау бойынша жеке-командалық біріншілік өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бас қолбасшылықтың бастамасымен өткен біріншілік әртүрлі басқармалар мен бөлімшелердің үздік атқыштарын жинады.
Жарыс атыс дайындығының деңгейін арттыру, кәсіби тәжірибе алмасу және жеке-командалық сынақтарда жоғары нәтиже көрсете алатын мықты әскери қызметшілерді анықтау мақсатында өткізілді.

Тартысты доданың қорытындысы бойынша Калашников автоматынан ату бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
- 1 орын — подполковник Ермек Тұғынов, Бас жедел басқарманың әскери қызметшісі;
- 2 орын — аға лейтенант Нұрлан Төленханов, Тыл басқармасының заттай қамтамасыз ету бөлімшесінің офицері;
- 3 орын — майор Далелхан Жолболсын, 6636 әскери бөлімінің қару-жарақ және әскери техниканы есепке алу қызметінің бастығы.

Макаров тапаншасынан атудан ең мықты атқыштар:
- 1 орын — подполковник Дулат Әбілмәжінов, Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының моральдық-психологиялық қамтамасыз ету қызметінің аға офицері;
- 2 орын — полковник Илья Фрузенков, Техника және қару-жарақ басқармасының қару-жарақ бөлімінің бастығы;
- 3 орын —подполковник Жасұлан Сембеков, техникалық байланыс бөлімінің офицері.

Командалық күресте жарыстар да шиеленісті болды:
- 1 орын — Арнайы операциялар орталығының құрамасы ;
- 2 орын — Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының құрамасы;
- 3 орын — Тыл басқармасының құрамасы.
Жеңімпаз команда ауыспалы кубокпен және Бас қолбасшы грамотасымен марапатталды.

Барлық жүлдегерлер Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.
Мұндай жарыстарды өткізу құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілерін жауынгерлік даярлау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.