Астанада пәтер сату кезінде жасалған ірі ұрлық схемасы әшкереленді

1364
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті «Qyran» тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату желеуімен ақша қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған құрылыс компаниясының қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сату офисінде құрылыс компаниясы атынан сатып алушыларға компанияның жылжымайтын мүлік нысандарына меншік құқығы бар екенін «дәлелдейтін» макеттер, техникалық паспорттар, сенімхаттар мен анықтамалар көрсетілген.

Азаматтарға пәтерлерді, коммерциялық үй-жайларды және паркинг орындарын нарықтық бағадан төмен сатып алу ұсынылып, мәмілелердің толық заңды екені айтылған.

Алайда сатып алу-сату шарттарын жасау орнына күдіктілер брондау шарттарын, кепіл туралы келісімдер мен алдын ала шарттарды рәсімдеген. Бұл құжаттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды және сатып алушыларға меншік құқығын бермейді.

Жәбірленушілер төлемді қолма-қол және колма-кол ақшасыз түрде схеманың қатысушыларының жеке шоттарына аударған.

ЖШС-нің бухгалтерлік және банктік құжаттарында бұл операциялар көрсетілмеген.

Нәтижесінде азаматтардың 3,8 млрд теңгеден астам қаражаты жымқырылған.

Бұдан бөлек, күдіктілер құрылыс компаниясының өз қаражатын ұрлауға бағытталған екінші алаяқтық схеманы жүзеге асырған.

Құрылыс компанияның атынан клиенттермен жалған сатып алу-сату шарттарын жасап, объектілерге меншік құқықтарын тіркеген, алайда сатудан түскен қаражат компанияның кассасына түспеген.

76 жылжымайтын мүлік объектісінің сатылуынан 4,1 млрд теңге жымқырылған.

Осылайша азаматтарға және компанияға келтірілген жалпы залал 7,9 млрд теңгені құрады.

Сот санкциясымен 94 пәтерге, 51 паркинг орнына, 8 коммерциялық үй-жайға және бір автокөлікке тыйым салынды.

Үш күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -