Іс-шара ҚР Сот әкімшілігінің әдеп жөніндегі уәкілі Хасенова Айгүл Рамазанқызымен бірлесіп өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.





Семинар-тренинг "Кәсіби ортадағы этикалық коммуникация" тақырыбы аясында өрбіді.
Аталған семинарда кәсіби ортадағы этикалық қарым-қатынастың мәні, қағидаларын және қолдану тәсілдері қарастырылып, сондай-ақ ұжымда өзара сыйластық қарым-қатынас жағдайларын дамытатын ойын форматтары пайдаланылды. Өз кезегінде шараға қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, жағымды эмоциялармен алмасты.

Бұл тәжірибе жұмыс барысында жалғасын тауып, тиімді қызмет қатынастарының орнауына, өзара құрмет пен сыйластық қағидаларының сақталуына себепші болады деп сенеміз.