Қыстың басты мерекесіне аз ғана уақыт қалды. Миллиондаған жұрт қазірдің өзінде сыйлықтар көңіл көтеретін орындарды іздей бастады. Yandex Ads 2024-2025 жылғы желтоқсан-қаңтар айларындағы деректерге талдау жасады. Бұл жаңажылдық қарбаласта қазақстандықтардың Яндекс Іздеу жүйесінде нақты нені іздейтінін білу үшін. Шыршалар мен адвент-күнтізбелерден басқа, сұраныстар қатарында 3D-принтерлер, саундбарлар және ақ шоколад бар.
Жаңажылдық сыйлықтарға деген қызығушылық қараша айынан бастап өседі және мерекеге бір апта қалғанда шарықтау шегіне жетеді. Адвент-күнтізбелерге сұраныс жыл сайын 61%-ға, әріптестерге арналған сыйлықтарға сұраныс 53%-ға, ал сыйлық сертификаттарына сұраныстар 37%-ға артады.
«Жаңажылдық мереке қарсаңындағы уақыт – пайдаланушылар үшін де, бизнес үшін де қарбаласқа толы. Әрқайсымыз бұл уақытта сыйлықтарды, жақындарымызбен бірге өткізетін уақытты және мерекелік дастарханның қалай болатыны жоспарлай бастаймыз. Компаниялар үшін бұл кезең қиындық туғызады. Өйткені, бәсекелестерден ерекшеленіп, клиенттердің назарын аудару қиын. Тұтынушылар қызықты ұсыныстарды іздеп, нұсқаларды салыстыратын арналарда сұранысты алдын ала қалыптастыру қажет. Яндекс Іздеу жүйесін маркетингтік стратегияларға енгізу брендтерге клиенттермен байланыс нүктесінде бірінші болып, бизнес туралы білімді арттыруға, пайдаланушыларды сатып алуға ынталандыруға мүмкіндік береді», — дейді Мадина Сейсенгалиева, Орталық Азиядағы Yandex Ads басшысы.
Сервистерге жазылуды да әмбебап сыйлық деп санауға болады. Желтоқсан айында оған қызығушылық жылдағы орташа мәндерге қарағанда 36%-ға өседі, ал шарықтау шегі қаңтарда болды. Әсіресе мульти-жазылымдардың (+45%), ойындарға жазылымдардың (+39%) және Telegram Premium-ға жазылымдардың (+39%) танымалдығы жоғарылайды.
Балалар үшін Жаңа жыл – тек сыйлықтар ғана емес, сонымен қатар көптен күткен шыршалар мен таңертеңгіліктер. Мұндай іс-шаралар алдын ала жоспарланады, сондықтан балаларға арналған іс-шаралар туралы сұраныстардың статистикасы қазан айының соңынан бастап өсе бастайды, ал шарықтау шегі желтоқсан айының ортасына келеді. Балалар сыйлықтарын іздеу айдың екінші аптасында максимумға жетеді.

Желтоқсан-қаңтар айларында халық өзнің және жақындарының бос уақытын қалай естен кетпестей етіп өткізуге болатынын іздейді. Мұз айдындары сұраныстар 3,7 есе, боулингке сұраныс 61%-ға, ал караоке 49%-ға өседі.

Рецепттер және үйге жеткізу
Мерекелік дастарханға қажетті азық-түліктерді де белсенді түрде іздей бастайды: желтоқсан айындағы сұраныстар 33%-ға өседі. Сонымен қатар, көптеген адамдар әдеттегідей өздері дайындағанды жөн көреді. Тиісінше, астың рецептісін әдеттегіден 30%-ға жиі іздейді. Бұл ретте жеткізу қызметіне деген сұраныс та өседі: азық-түлікті жеткізу – 41%-ға, дайын тағамды жеткізу – 23%-ға.
Ең жоғарылардың ішінде балық пен теңіз өнімдері – 93%-ға, кондитерлік өнімдер – 36%-ға, ет өнімдері – 33%-ға өсімді көрсетеді. Негізгі мәзір ойластырылғаннан кейін, ең дәмдісіне – яғни, тәттілер мен сусындарға көшеді. Бұл санатта: ақ шоколад (+78%), карамель (+72%), шоколадты кәмпиттер (+59%), печенье, вафли, пряниктер (+56%), шоколад (+42%) көш бастап тұр. Сусындардан шайды (+29%), кофені (+24%), шырындарды, морстарды (+24%), газдалған сусындарды (+17%) жиі іздей бастайды.
Күтпеген көшбасшылар
Танымал сыйлықтардың тобында электроника мен тұрмыстық техника бар. 2024 жылғы желтоқсанда қызығушылық ең жылдам өскендер: 3D-принтерлер (+62%), саундбарлар (+60%), VR-көзілдіріктер (+52%). Сондай-ақ, тұрмыстық техникадан аэрогрильдер (+121%), стайлерлер (+101%), бу тазартқыштар (+93%) ерекшеленді.

Халық смарт-гаджеттерді орташа жылдық көрсеткішге қарағанда екі есе көп іздейді. Пайдаланушылар ақылды үй жүйелеріне ерекше назар аударады: смарт-колонкаларға деген қызығушылық 50%-ға, ал смарт-теледидарларға 45%-ға өсті.
«Жаңа жыл қарсаңында тұтынушылар өздерін және жақындарын қуанту үшін ерекше сыйлықтарға жомарт болады. Сыйлықтың бағасы неғұрлым жоғары болса, клиенттер сатып алу туралы шешімді соғұрлым ұзақ қабылдайды. Яндекс Іздеу жүйесінде бір адам орта есеппен сегіз тақырыптық сұраныс жібереді және сатушылардың ұсыныстарын салыстыратын алты сайтқа өтеді. Іздеуді бастау мен сатып алу арасындағы жалпы мерзім шамамен сегіз күнге дейін созылады. Бұл бизнестің әрбір кезеңде сатып алушылармен өзара әрекеттесуі үшін ауқымды науқандарды біріктіру қажеттілігін көрсетеді. Біздің деректеріміз бойынша, мұндай тәсіл жарнаманың конверсиялық қабілетін орта есеппен 25%-ға арттырады және клиентті тарту құнын 20%-ға төмендетеді», — деп атап өтті Мадина Сейсенғалиева.
Мерекелік және сұлулық атмосферасы
Ең тез өсіп келе жатқан санат — үйге арналған мерекелік әшекейлер. Жасанды шыршалар туралы сұраныстар үш еседен асып — 206%-ға, ал табиғи шыршалар туралы сұраныстар 176%-ға өсті (динамика бойынша артта қалғанымен, айтарлықтай емес). Шырша әшекейсіз бола ма? Сәйкесінше, шырша ойыншықтары туралы сұраныстар 188%-ға, Жаңа жылдық керек-жарақтар туралы сұраныстар 183%-ға, ал жарық-шамдарға (грилянда) сұраныстар 165%-ға өсті.
Сонымен қатар, желтоқсан айында дәстүрлі түрде косметика мен парфюмерияға деген сұраныс жоғарылайды: косметика дүкендерін іздеу саны 112%-ға, сәндік косметика туралы 46%-ға, ал күтім жасау косметикасы туралы 40%-ға артады.
Іздеуден бастап сатып алуға дейін
Әдетте, жұрт алдымен интернеттегі нұсқаларды салыстырады, содан кейін егер офлайн-сатып алуды таңдаса, Яндекс Карталардан дүкендерді іздеп, жету жолын жоспарлайды. Жаңа жыл қарсаңында үй тауарлары, косметика және парфюмерия дүкендеріне, сондай-ақ азық-түлік гипермаркеттеріне әдеттегіден қарағанда жиі ат басын бұрады.
«Онлайн-сатып алудың үлесі өсіп келе жатқанына қарамастан, тұтынушылар дәстүрлі дүкендерде офлайн режимде сауда жасауды жалғастыруда. Бұл әсіресе жүктеме артып, жеткізу мерзімі ұзаратын Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас кезінде өзекті. Офлайн нүктелері бар бизнес те өсіп келе жатқан сұранысқа дайын болуы керек: дүкендер туралы ақпаратты карталарда барынша толықтыру, егер кесте Жаңа жыл қарсаңында өзгерсе, жұмыс уақытын жаңарту, Яндекс Карталардың құралдарын пайдалана отырып ұсыныстар мен акцияларды бөліп көрсету. Бұл қазіргі уақытта тауарды қайдан сатып алуды іздеп жүрген және жолай кіріп, сатып алу туралы шешімді тез қабылдауға дайын тұтынушылардың назарын қосымша аударуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Мадина Сейсенғалиева.
Қорыта айтқанда, іздеу статистикасы көрсеткендей: жалпы трендтерге қарамастан, әрбір Жаңа жыл өзінің тосынсыйларын ала келеді. Өзгеріссіз қалатын бір дүние: тұтынушылардың көпшілігі сыйлықтарды іздеуді соңғы апталарда бастайды.