Қазақстан мен Әзербайжан зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

1870
Фотосурет: «БЖЗҚ» АҚ

2025 жылғы 25-28 қараша аралығында Баку қаласында тәжірибе алмасу бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) және Әзербайжан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Мемлекеттік әлеуметтік қорғау қоры (МӘҚҚ) делегацияларының ресми кездесуі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бағдарлама аясында екі елдің әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің таныстырылымдары, цифрлық сервистер мен әкімшілендіру тетіктерін талқылау өтті. БЖЗҚ тарапынан Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, демографияға, зейнетақы қызметтерін цифрландыруға шолу, Қазақстанның халықаралық зейнетақы рейтингтеріндегі ұстанымы ұсынылды.

БЖЗҚ еліміз үшін әлеуметтік маңызы бар "Ұлттық қор – балаларға" жобасы туралы ақпаратпен де бөлісті, бұл жерде БЖЗҚ – нысаналы талаптарды, активтерді, жинақтарды есепке алып, нысаналы жинақтар төлемін жүзеге асырушы оператор.

Азаматтардың барлық қызметтерді қашықтан алуына мүмкіндік беретін зейнетақы қызметтерін цифрландырудағы қазақстандық тәжірибе Әзербайжан тарапының ерекше қызығушылығын тудырды. БЖЗҚ-ның цифрлық сервистері екі елдің зейнетақы қорлары салымшыларына қызмет көрсету деңгейін арттыру және автоматтандырудың заманауи шешімдері бойынша тәжірибе алмасуға негіз болды. 

Делегациялар сондай-ақ МӘҚҚ-ның әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі орталық филиалында, сондай-ақ тұрақты және жедел әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі агенттікте (DOST) және DOST инклюзивті даму орталығында болып, Әзербайжанның мемлекеттік әлеуметтік қызметтер көрсету және азаматтардың әртүрлі санаттарын қолдау жөніндегі инновациялық шешімдерімен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар зейнетақы заңнамасының өзгерістері мен жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпарат алмасу, зейнетақы жүйесіндегі цифрлық технологиялар саласында тәжірибе бөлісу, сараптамалық деңгейдегі бірлескен зерттеулерді қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға да қол қойды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -