Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылдың 11 айының қорытындысын хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Осы кезеңде мемлекеттік бюджетке 1 021,3 млрд.теңге салық пен төлемдер жиналды, оның ішінде республикалық бюджетке – 452,8 млрд.теңге, жергілікті бюджетке – 568,5 млрд.теңге. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 111,4% құрады, бұл абсолютті мәнде 104,4 млрд. теңгеге артық.

Алматы облысында мемлекеттік бюджетке салық және төлемдер түсімдерінің оң өсімі жалғасуда. Соңғы жылдары мемлекеттік бюджеттің кірісі тұрақты өсуде.
Соңғы бес жылда кірістер 1,5 еседен астам, яғни 2021 жылғы 666,8 млдр. теңгеден биылғы жылы 1 триллион теңгеден астамға өсті.
Биыл облыс маңызды белеске жетті: кірістер тарихта алғаш рет бір триллион теңгеден асты. Бұл оқиға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі кезең болды және салық салу базасын кеңейту және кәсіпкерлікті қолдау бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін растады.
Түсімнің артуы өңірдің қаржылық тұрақтылығын нығайтып, экономиканы одан әрі дамытуға, әлеуметтік бағдарламаларды кеңейтуге, басым бастамаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер ашады.