Президент Архивінде оқушыларға арналған танымдық экскурсия өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Астана қаласы Ж.Тәшенев атындағы №10 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне экскурсияға келді. Іс-шара «АрхивSPACE» жобасы аясында ұйымдастырылды, ол оқушылар арасында еліміздің тарихы мен құжаттық мұраға қызығушылықты арттыруды мақсат етеді.
.jpeg)
Алдымен оқушыларға «БҰҰ: Бейбітшілік пен ынтымақтастық жолындағы 80 жыл. Қазақстан БҰҰ жүйесінде» тақырыбындағы тарихи-құжаттық көрме таныстырылды.
.jpeg)
Онда Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты, Қазақстанның ұйымға мүше болуы және халықаралық аренадағы бастамалары туралы құжаттар мен фотоматериалдар ұсынылды.

«Экскурсия барысында тарихымыз туралы көптеген жаңа мәлімет білдім. Әсіресе, БҰҰ-ға арналған көрмеде ұсынылған құжаттар мен архивтік деректер мені ерекше қызықтырды» Сұлтан Амантаев
Іс-шара барысында балалар Президент Архивінің қызметімен танысты. Оқу залында олар зерттеуші ретінде жұмыс істеуді үйреніп, архив құжаттарының цифрлық нұсқаларын көре алды. Сонымен қатар, олар Архивтің зертханасы мен көрме залында болып, тарихи құжаттардың сақталу тәртібі мен ескірген құжаттарды қалай қалпына келтіретінін білді.

Айта кетейік, «АрхивSPACE» жобасы шеңберінде осы уақытқа дейін Президент Архивіне 322 оқушы келіп, мекеменің жұмысымен танысты. Жоба балаларға бірегей құжаттарды көріп қана қоймай, өз елінің тарихын тереңірек танып-білуге мүмкіндік береді.
.jpeg)