Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Үздік салық төлеуші» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-шара салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарына деген сенімін арттыруға, ашықтықты қамтамасыз етуге және өзара әріптестік қатынастарды нығайтуға бағытталған.

Акция кәсіпкерлік субъектілерін салық міндеттемелерін дер кезінде әрі ерікті түрде орындауға моралдық тұрғыдан ынталандыратын маңызды тетік болып табылады.
Сонымен қатар, аталған бастама мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы конструктивті өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етіп, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға және қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастыруға мүмкіндік береді.