Қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу 6 желтоқсан күні сағат 22:00-ден бастап енгізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
2025 жылғы 06 желтоқсан сағат 22:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдардажүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақтөбе облысы:
- "РФ шек. (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п) " автожолының 965-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ а.- Қызылорда облысы шек.).
Қызылорда облысы:
- "РФ шек. (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п) " автожолының 1240-1360 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе обл. шек.-Арал қ.).
Жолды 2025 жылғы 07 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.