Ақтөбе облысында KAZ 06 жолында жүк көлігі аударылып, айналма жол ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
2025 жылғы 6 желтоқсан сағат 18:50 шамасында Актөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты Қалыбай ауылы маңында, республикалық маңызы бар KAZ 06 автожолының 1094-шақырымында Volvo маркалы жүк көлігі аударылды. Нәтижесінде көлік құралы жолдың жүріс бөлігін толықтай бөгеп, учаскеде шамамен 25 автокөлік жиналды.
Қолайсыз ауа райына, төмен температура мен сіркіреме жауынға қарамастан, аталған учаскедегі жол жабыны тегіс әрі таза. Жол қызметі қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жалғастырып, қозғалыстың қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз етуде.
Оқиға орнында жол қызметінің екі бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында айналма жол ұйымдастырылды.
Жүргізушілерге үндеу: жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, ауа райы жағдайын ескеріп, жол қызметтерінің нұсқаулықтарын орындауды және уақытша шектеу енгізілген аймақта аса сақ болуды сұраймыз.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы біле аласыз.